🔰ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ «КОДАКТИВ» АУҚЫМДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Қостанай облысының білім беру мекемелерінде буллингпен күреске бағытталған ауқымды PR-науқан өтті. «КодАктив: Жедел көмек бағдарламасы» бағдарламасы облыстың барлық 20 өңірін және 324 мектепті қамтып, оқушыларға жедел психологиялық қолдау алу үшін ақпарат пен құралдар ұсынды.
📌Бағдарламаның мақсаты – буллингтің алдын алудың бірыңғай жүйесін құру, оның аясында әрбір зорлық-зомбылық фактісі дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қолданылатын болады. «КодАктив» бағдарламасы арқылы оқушылар, ата-аналар және педагогтер қиын жағдайларға жылдам әрекет етіп, қажетті қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Кампания аясында 1–11-сынып аралығында 102 мың 698 оқушы қамтылып, ақпарат алды, бұл – жалпы контингенттің 99,19%. Бағдарламаны іске асыруға 7668 педагог қызметкер атсалысты.
Ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында түрлі материалдар пайдаланылды:
✅QR-кодпен қамтылған 11 189 постер адамдар көп шоғырланатын және құпиялылық сақталатын орындарға ілінді;
✅Бағдарлама туралы 96 060 хабарландыру парақшалары таратылды;✅* 618 бейнеролик дайындалып, білім ордасының медиакеңістігінде және әлеуметтік желілерде көрсетілуде.
🖇«КодАктив» бағдарламасы арнайы QR-код арқылы оқушыларға психологиялық көмек алудың қарапайым әрі жедел тәсілін ұсынады. Енді әрбір оқушы өз мәселесі туралы анонимді түрде хабарлап, қажетті қолдау мен көмекті ала алады.