Жаңалықтар

image description
image description
icon

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Ақтөбе қаласы №36 орта мектебінде «Қазіргі қоғамдағы отбасы құндылығының өскелең ұрпаққа әсері» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар өтті.

Мақсаты — ата-аналарға отбасы құндылығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасы құндылығының рөлін арттыру. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі әлеуметтік қолдау дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Семинар барысында психологиялық ахуалды қалыптастыруға арналған шағын жаттығу өткізілді. «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Отбасылық тәрбие стильдері» тақырыбында, әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева «Отбасы құндылығы— жас ұрпақтың тұлғалық дамуының негізі» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шара соңында ата-аналар өз ой-пікірлерін ортаға салып, отбасы құндылығы туралы кері байланыс жасады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап