Жаңалықтар

image description
image description
icon

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың және өзге де қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды үйлестіру, жоспарлау және жүзеге асыру бағытында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Ментай Телағысова Мәртөк ауданының білім бөлімінде, мектептерде, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында болып, үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті.

Сондай-ақ, орталық мамандары аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын жетілдіру жолдарын талқылап, білім беру ұйымдарының педагог-психологтерімен тәжірибе алмасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға қолдау көрсету.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап