Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

2025 жылдың 14 қазан күні

2025 жылдың 14 қазан күні Абай облысы Бородулиха ауданы «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ базасында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың психологиялық аспектілері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: облыс педагог-психологтерінің бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жөніндегі біліктілігін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара әрекеттесудің практикалық тәсілдерін меңгеру және жанжалды жағдайлардың  алдын алу жолдарын үйрену.

Пленарлық бөлімде қатысушылар балалар мен ата-аналар арасындағы психологиялық ерекшеліктерді, тәрбие стилінің баланың эмоционалдық дамуына әсерін және ата-ана мен бала арасында сенімді байланыс орнатудың жолдарын талқылады.

Практикалық бөлімде қатысушылар шығармашылық атмосферасына еніп, аудан мектептерінің педагог-психологтері бірқатар шеберлік сағаттарын өткізді: «Жүректер үндескен кездесулер»  шеберлік сағатында ашық диалог арқылы сенімді қарым-қатынас құру жолдары талқыланды, «Мен сені сеземін: жақындық практикумы»  тренингінде баланың ішкі дүниесіне назар аудару және қабылдау дағдылары қалыптастырылды, «Өз балаңа үлгі бол» тренингі ата-ананың жеке мінез-құлқының маңызын түсінуге бағытталды, «Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайтуда эмоционалды интеллектті дамыту әдістерін жаңа технологиялар арқылы іске асыру» практикумы қарым-қатынасты нығайтуда заманауи технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті,  «Махаббатты жиі білдіріңіз» шеберлік сағаты жылы сөз бен күнделікті қолдаудың маңыздылығын еске салды.

Қорытынды кезеңде қатысушылар «Үйлесімді қарым-қатынас үйі» атты символдық жобаны жасап, өзара ой бөлісті.

Семинар кәсіби өсу, қолдау және шабыт алаңы болды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап