ЕЛОРДАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» СТУДЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
17 қарашада ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру туралы үшжақты келісімге қол қойды. Жоба балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Жобаның әдістемелік сүйемелдеуін Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» балалардың саламаттығы ұлттық ғылыми-практикалық институты қамтамасыз етеді.
Ерікті студенттер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, патриоттық тәрбие беру, экологиялық ойлауды қалыптастыру, мәдени жобаларды іске асыру, бала-ата-ана қарым-қатынасын нығайту, бала-жасөспірім ортасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, эмоционалдық интеллектіні дамыту, кәсіптік бағдарлау, оқуға деген қызығушылықты арттыру, қаржылық және IT - сауаттылық және т. б. осындай өзекті бағыттарда азаматтық бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істейтін болады.
Жоба нәтижелі болып, бала құқықтарын бұзу жағдайларын азайтуға; кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттердің кез келген деректеріне барша азаматтық жұртшылықтың резонанстық ден қоюына; білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жақсартуға, сондай-ақ болашақ мамандардың балалар және жасөспірімдермен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмысының практикалық дағдылары мен іскерліктерін игеруіне оң ықпал етеді деп үміттенеміз.