Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ

Ақтөбе қаласы №50 орта мектебінде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Таңшолпан Жанаберген 10-сынып оқушыларымен «Адам бойындағы асыл қасиеттер» тақырыбында психологиялық сағат өткізді.

Мақсаты — оқушылардың бойында адамгершілік, мейірім, ізгілік, сыйластық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді қалыптастыру, өз мінез-құлқын саралап, өмірдегі адами құндылықтардың мәнін түсінуге ықпал ету.

Іс-шара барысында білім алушылар «Домик-гномик», «Пальма», «Піл», «Бұғы», «Ең, ең, ең...» ойындары арқылы өзара сенімділік орнатып, жағымды қарым-қатынас қалыптастырды. Сонымен қатар, амандасу, жайлы аймақта шектеліп қалмау және тыныс алу жаттығулары орындалды.

Өткізілген ойындар мен жаттығулар оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттерін танып, эмоционалдық тепе-теңдігін нығайтып, өзара жылы қарым-қатынас пен сенімді орта қалыптастырды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап