Жаңалықтар

image description
icon

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАНЖАЛДЫҢ АЛДЫН АЛУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева Ақтөбе қаласы №29 орта мектебінің 8-сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік жанжал» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Іс-шара барысында оқушылар өзара қарым-қатынаста жиі кездесетін түсініспеушіліктер мен кикілжіңдердің себептерін талқылады. Әлеуметтік педагог түрлі  жағдайлардағы мінез-құлық үлгілерін мысалға келтіре отырып, дау-дамайдың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Сауалнама арқылы жасөспірімдердің өз эмоцияларын басқару, тыңдау және пікір білдіру мәдениеті зерттелді. Бұдан бөлек, оқушыларға келісімге келу дағдыларын дамытуға және күрделі жағдайларда өз ойларын сабырлы түрде білдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

Сауалнама нәтижелері келешекте оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға, бір-біріне құрметпен қарау және өзара түсіністік дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен профилактикалық жұмыстарды жоспарлауға негіз болады.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап