ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Темір ауданының жалпы білім беретін мектептерінде тәрбие және психологиялық қызмет бағытында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмек барысында педагог мамандарға «Жасөспірімдік шақтың психологиялық ерекшеліктері», аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ буллинг пен кибербуллинг белгілерін ерте анықтау тақырыптарында жан-жақты ақпараттар ұсынылды. Осы бағыттарда қабылданған заңнамалық және нормативтік құжаттарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау мақсатында сауалнама жүрізілді. Педагогтерге эмоционалды күйзелістің алдын алу, стрессті басқару жолдары бойынша бейнероликтер көрсетіліп, ағартушылық сипатта пікір алмасу өтті.
Практикалық бөлімде «Миға шабуыл» әдісі арқылы өзекті мәселелер талқыланып, тиімді шешу жолдары қарастырылды.
Педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, оқушылар мен ата-аналарға жеке және топтық психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.