Жаңалықтар

image description
image description
icon

МЕДИА МЕН КИНОНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР ПСИХОЛОГИЯСЫНА ЫҚПАЛЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Медиа мен киноның жасөспірімдер психологиясына ықпалы: құқықтық нормаларды бұзу модельдері» тақырыбында педагогтерге арналған воркшоп өткізді.

Іс-шара мақсаты — педагогтердің медиасауатын арттырып, жасөспірімдерге теріс мінез-құлық үлгілерінің әсерін болдырмау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Воркшоп барысында орталық директоры Меруерт Жұбандықова жасөспірімдерге әсер ететін медиаконтент түрлерін талдап, кино мен әлеуметтік желілердегі мінез-құлық үлгілерінің психологиялық ықпалын түсіндірді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары ұсынылды.

Педагогтер пікірталасқа белсенді қатысып, «Кейіпкер бейнесі» тақырыбында өз ойлары және тәжірибелерімен бөлісті.

Шарада нақты ұсыныстар мен әдістемелік құралдар қарастырылып, қатысушыларға практикалық бағыт-бағдар берілді.

Қорытындысында мамандар медиасауат пен құқықтық мәдениет бойынша білімдерін тереңдетіп, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдануға дайын екендіктерін айтты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап