Жаңалықтар

image description
icon

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ИТЕРМЕЛЕЙТІН ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Достық ортасының әсері: құқықбұзушылыққа итермелейтін әлеуметтік факторлар» атты сынып жетекшілеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Мақсаты — сынып жетекшілерінің оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысына көзқарасын кеңейтіп, әлеуметтік ортаның жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпалын саралау және достық қарым-қатынастағы тәуекел факторларын анықтауға бағытталған кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Шара барысында орталық директорының орынбасары Арайлым Тоқсанбаева жасөспірімдер арасындағы достықтың бала тұлғасына әсеріне тоқталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жәнібек Шагиров «Кибербуллинг және интернеттегі алаяқтық» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сергіту сәтінде орталық әдіскері Дана Таңжарбаева қатысушылардың белсенділігін арттыратын тренингтік жаттығу жүргізді. Бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева құқықбұзушылықтың психоәлеуметтік себептеріне тоқталып, «Сыныптың достық картасы» жаттығуын өткізді.

Қатысушылар нақты жағдайлармен жұмыс жасап, тәжірибе алмасты және болашақта өз мектептерінде қолдануға болатын практикалық дағдыларды нақтылады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап