Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ПЕДАГОГТЕРМЕН КЕЗДЕСУ: ӘДЕП ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ АХУАЛ

Темір аудандық білім бөлімі Кеңкияқ орта мектебінің педагогтеріне арналған жиын өткізді. Күн тәртібінде лудомания мен интернет кеңістігіндегі қаржылық пирамидалар және алаяқтықтың алдын алу, білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

Жиынға Темір ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мысыр, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Қарабалина және Кенқияқ кенттік полиция бөлімшесінің басшысы А.Аманғос қатысты.

Кездесу барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Л.Бердібекова ұжымдағы психологиялық-педагогикалық ахуалдың маңыздылығына тоқталып, педагогтермен «Мен және менің көзқарасым» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Педагогтер өздерінің өмірлік ұстанымдары мен кәсіби құндылықтарын айқындап, шығармашылықпен жұмыс жасап, ой бөлісті.

Мұндай шаралар ұстаздардың өзін-өзі танып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына және ұжымдық бірлікті нығайтуға оң әсер етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап