Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК — КӘСІБИ ДАМУ КЕПІЛІ

№2 Хромтау гимназиясында «JAN AHUАL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева ауданның әлеуметтік педагогтерімен кездесіп, кәсіби құзыреттілікті арттыру, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Мақсаты — әлеуметтік-педагогикалық қызметті тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балалармен жұмыс жүргізу алгоритмін нақтылау, білім беру ұйымдарында қолайлы психоәлеуметтік орта қалыптастыру және профилактикалық іс-шаралардың мазмұнын жетілдіру.

Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік педагогтің мектептегі рөлі мен міндеттерін талқылап, тәжірибе алмасты. 

Алмажан Қоғамбаева өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, тиімді жұмыс әдістерін ұсынды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, ортақ мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Мұндай әдістемелік кездесулер әлеуметтік педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, олардың жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап