ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖЕЛІ ҚАУІПСІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
Елдің барлық өңірлеріндегі жалпы орта білім беру ұйымдарында «Желі қауіпсіздігі» республикалық челленджі аясында іс-шаралар өтті, оған оқушылар, педагогтер және ата-аналар белсенді қатысты.
Челлендждің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту болып табылады.
«Қауіпсіз желі – бұл әр адамның жауапкершілігі. Біз балаларды мұқият болуға, бір-бірін қолдауға және интернетті тек игілік үшін пайдалануға үйретеміз. Акция балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, кибербуллинг пен интернетке тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ онлайн кеңістікте этикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Елена Николаевна Сакенова.
Челлендж аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар бейнероликтер, суреттер, плакаттар мен шығармашылық флешмобтар арқылы көрсетті. Қатысушылар бірлік, саналы көзқарас пен өзара қолдау идеясын символикалық ишаралар мен көркем қойылымдар арқылы жеткізді.
Бұл бастама мыңдаған баланы, педагогтер мен ата-аналарды біріктіріп, онлайн кеңістікте цифрлық қауіпсіздік мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды.