«Ізденіс. Білім. Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және психологиялық қызмет сапасын жетілдіру мақсатында «Ізденіс. Білім. Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараға Ойыл және Ырғыз аудандарының педагог-психологтері қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелері және тиімді жұмыс әдістерімен бөлісті.
Семинарды орталық әдіскері Ментай Телағысова жүргізді. Сөз алған орталық директоры Меруерт Жұбандықова педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.
Ойыл қазақ орта мектебінің педагог-психологі Толқынай Сиябаева «Бала мен қоғам: бейімделу көпірі» тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық қолдау көрсету тәжірибесін таныстырды.
Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінің педагог-психологі Нұргүл Қантөренова «Бәсекеге қабілетті психолог болудың жолдары мен шарттары» тақырыбында кәсіби дамуға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін ұсынды.
Семинар соңында орталық әдіскері Таңшолпан Жанаберген «Жақсы көңіл-күй — жанға қуат» атты сергіту тренингін өткізді.
Сонымен қатар Толқынай Сиябаева мен Нұргүл Қантөренова іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін орталық директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады.