Жезқазған қаласындағы N8 гимназия жанындағы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығында 2-сынып оқушыларының ата-аналары сабаққа қатысты.
Жезқазған қаласындағы N8 гимназия жанындағы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығында 2-сынып оқушыларының ата-аналары сабаққа қатысты.
Сынып жетекшілері А.К.Махатова мен Г.М.Утеулиеваның ата-аналармен кездесуінің мақсаты – балалардың оқу үрдісіне және мектеп өміріне сәтті бейімделуіне олардың танымдық қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Сабақ барысында ата-аналар бейімделу ұғымымен, оның түрлерімен (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік) және оның бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуы үшін маңызымен танысты. Мұғалімдер «Баланың танымдық қабілетін дамытудағы ата-ананың рөлі» атты постер бойынша ұжымдық жұмыс жасау үшін ата-аналарды топтарға бөлді.
Сондай-ақ «Үй тапсырмасын орындау» бейнефильмі, оның мазмұны бойынша сұрақ-жауап, «Кел, сабақты қызық өткізейік» бақылау парағын құрастыру көрсетілді.
Сабақтың соңында ата-аналарға баланың есте сақтау, зейін қою, ойлау және қарым-қатынас жасау сияқты қабілеттері мен дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар берілді.