Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

«Өзара сенім мен ынтымақтастық» тақырыбында семинар

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде 1-курс студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Өзара сенім мен ынтымақтастық» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Нұрасхан Ермекбаев, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова және әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева қатысты.

Нұрасхан Ермекбаев студенттердің құқықтық сауатын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік пен азаматтық мәдениет тақырыптарында маңызды мәліметтермен бөлісті.

Алмажан Қоғамбаева «Жасөспірімдердің өмірлік таңдауы: сенім мен ынтымақтастық жолы» тақырыбында пікір алмасып, Ботагөз Қосмағамбетова студенттермен бірге «Бір топ — бір мақсат: ынтымақтастық психологиясы» тақырыбында топтық психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келу дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Шара соңында студенттер сауалдарын қойып, ой-пікірлерін білдірді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап