ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: заңнаманың жаңалықтары және іске асыру практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара барысында қоғамдағы құқықтық тәрбие, профилактикалық шараларды күшейту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Конференцияға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева қатысып, «Білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу: мектеп пен қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Спикер өз сөзінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп, ата-ана және қоғамның өзара серіктестігін арттыру, құқықтық мәдениетті нығайту бағытындағы тиімді тәжірибелермен бөлісті.
Конференция педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер мен құқық қорғау органдары өкілдері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.