Жаңалықтар

image description
image description
icon

БАЛАНЫ ТҮСІНУ — АТА-АНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ

Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Гүлжан Рахимова «Баланың жан дүниесін түсіну: ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналарға арналған кездесу өткізді.


Кездесудің мақсаты — ата-аналарға баланың жас ерекшеліктеріне сай дамуын түсіндіру және олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын көрсету.


Шара барысында баланың әр жас кезеңінің ерекшеліктері, физиологиялық, когнитивтік және әлеуметтік даму сатылары талданды. Сонымен қатар, негізгі қажеттіліктер мен ата-ана қолдауының маңызы туралы айтылды. Қиын мінез-құлықтың артында жасырын эмоционалды қажеттіліктер жататыны түсіндірілді.


Ата-аналар белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қызықты сұрақтар қойылып, өмірлік мысалдар арқылы тақырып жан-жақты талқыланды. Көптеген ата-ана орталық психологінің кеңесіне жүгінуге ниет білдірді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап