ОТБАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚАТЫНАС
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында мектеп және колледж педагогтері мен ата-аналарға арналған «Отбасындағы эмоционалдық қатынастар және девиантты мінез-құлықтың қалыптасуы» тақырыбында психотерапевтік сессия өтті.
Сессия мақсаты — отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына, әсіресе, девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін талдау және оның алдын алу жолдарын ұсыну.
Шара барысында орталық психологі Гүлсая Мүсілімқызы «Девиантты мінез-құлықтың психологиялық себептері» тақырыбында отбасындағы қолдаушы ортаның маңызына тоқталды.
Орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Эмоционалдық айна», «Эмоционалдық жел», «Менің эмоциям» атты жаттығулар ұйымдастырды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Психологтер тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған ұсыныстар мен жаттығулар ұсынды.