Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

БАЛА ТӘРБИЕСІ БӘСЕҢДЕМЕУІ ТИІС

Ойыл ауданы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл орта мектебінде «Бала — ата-ананың айнасы, ата-ана — баланың тірегі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

 Іс-шараға дәрігерлер, тәртіп сақшылары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинар аясында ата-аналар мен педагогтерге арналған секциялық отырыстар ұйымдастырылып, бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Медеухан Жасжанова ата-аналармен кездесіп, бала тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы сенім мен түсіністік, ұлттық және адами құндылықтар жайында ой қозғады. Сондай-ақ, ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас, психологиялық қауіпсіздік және отбасындағы рөлдік үйлесімділік туралы ұсыныстармен бөлісті.

Іс-шара жылы атмосферада өтіп, ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, баламен байланысты нығайту жолдарын талқылады.

Сонымен қатар орталық әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова жасөспірімдер психологиясы, олардың кезеңдік даму ерекшеліктері, құрдастарының қысымына қарсы тұру дағдылары және баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру жолдары туралы тренинг өткізді.

Оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізіліп, олардың өзін-өзі тануына және тұлғалық дамуына ықпал ететін практикалық әдістер ұсынылды.

Сондай-ақ, оқушылар арасында пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу жұмыстары ұйымдастырылды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап