Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

2025 жылдың 29 қазанында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының»

 Семинардың мақсаты – педагог-психологтардың жас ерекшелік психологиясы саласындағы ғылыми-тәжірибелік білімін жетілдіру, кәсіби тәжірибеде тиімді психологиялық қолдау көрсету дағдыларын дамыту және заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану болды.

Іс-шара барысында қатысушылар жас ерекшелік психологиясының негізгі теориялық ұғымдары мен даму кезеңдерін талдап, тәжірибеде тиімді психологиялық әдістер мен арт-терапиялық тәсілдерді меңгерді.

Пленарлық бөлімде жоғары оқу орындарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық көмек көрсету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Тәжірибелік  бөлімде қатысушылар үшін «Жасөспірімдердің эмоционалдық күйін реттеу және күйзелісті жеңу дағдылары», «Үлкен психологиялық ойын, Калейдоскоп», «Эмоционалдық интеллектті дамытуда арт-терапия тәсілдері» тақырыбында  шеберлік сағаттары өткізілді.

Педагог-психологтар әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеудің тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде талқылап, өзара пікір алмасты. Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Семинар педагог-психологтардың  кәсіби құзыреттілігін арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық  қолдау қызмет  мәдениетін дамытуға ықпал етеді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап