Жаңалықтар

image description
image description
icon

ТАНЫМДЫҚ САБАҚ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагогтері мен 4-курс білім алушыларына арналған «Мен және менің құндылықтарым» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты — педагогтер мен білім алушылардың жеке және кәсіби құндылықтарын анықтап, өмірлік ұстанымдарын саралау, өзін-өзі тануға және тұлғалық дамуға бағыттау.

Іс-шара барысында қатысушылармен «Өзін тану», «Менің бойымдағы құндылықтар», «Энергия түрлері» атты интерактивті жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулар қатысушылардың өз болмысын танып, өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға және ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Студенттер сабаққа белсене қатысты, өз ой-пікірлерін ортаға салып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. 

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап