РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»
Бұл іс-шара Қазақстанның білім беру кеңістігіне «ДосболLike» бағдарламасын енгізудегі ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ негізгі перспективаларды талқылауға арналған қуатты алаңға айналды.
Конференцияға мектеп және колледж директорлары мен олардың орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері қатысты.
Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері, оның білім алушылардың мінез-құлқына, мектеп ортасындағы агрессия деңгейіне ықпал ету перспективалары және басқа да маңызды тақырыптар талқыланды.
«ДосболLike» – бұл жай ғана антибуллингтік бағдарлама емес, ол білім беру ұйымдарында оң қарым-қатынас пен психологиялық әл-ауқатты қалыптастыруға бағытталған стратегиялық тәсіл.