«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР
2025 жылғы 4 қарашада Ұлытау, Маңғыстау және Алматы облыстары мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына, педагогтеріне, психологтарына және әлеуметтік педагогтеріне арналған республикалық онлайн-вебинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — буллингтің алдын алуға және қауіпсіз, қолдау көрсететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасын енгізудің практикалық аспектілерін талқылау.
Вебинар барысында қатысушылар бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарын, оның ішінде нормативтік сүйемелдеу, педагогтер мен ата-аналарды оқытуды ұйымдастыру, мектептегі антибуллингтік командаларды қалыптастыру, сондай-ақ психолог-педагогтер мен сынып жетекшілерінің профилактикалық жұмыстағы рөлі мәселелерін қарастырды. Енгізудің диагностикалық кезеңіне және бағдарламаның тиімділігін бағалауға арналған әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әдістемелік базаны жетілдіру бойынша пікірлер мен ұсыныстармен алмасып, бағдарламаны өңірлерде іске асыру бойынша алдағы қадамдарды келісті.