Жаңалықтар

image description
image description
icon

«ОТБАСЫ — БАҚЫТ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова №19 орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Отбасы — бақыт мекені» тақырыбында тренинг сабақ өткізді.

Мақсаты — оқушылардың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру, өз-өзін тануға, жеке тұлғалық және рухани дамуға бағыттау, сонымен қатар мейірім мен сыйластық сезімдерін арттыру.

 Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, отбасы мүшелеріне деген құрмет пен жылы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды.

Тренингте «Өзін тану», «Менің бойымдағы құндылықтар» секілді интерактивті тапсырмалар орындалып, балалар өз ойларын еркін білдіріп, отбасыдағы өз рөлін, сүйіспеншілік пен түсіністіктің маңызын талқылады.

Қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мейірім, адалдық, татулық, сыйластық, ауызбіршілік секілді адами құндылықтардың өмірдегі мәні туралы пікір алмасты.

Сабақ соңында оқушылар отбасының — әр адамның сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, қолдауға толы ең басты тірегі екендігін түсініп, жағымды эмоция мен жақсы әсер алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап