Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

БАЛА МЕН АТА-АНАНЫҢ СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде 1-курс студенттері ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

Іс-шара мақсаты — ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынасты нығайту, баланың тұлғалық дамуы мен эмоционалды жағдайына отбасының ықпалын түсіндіру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.

Жиын барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева «Бала мен ата-ананың сенімді қарым-қатынасы» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.

Кездесу барысында ата-аналармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасындағы өзара қолдау мен тыңдау мәдениетін дамыту жөнінде практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға тиімді ата-аналық қарым-қатынас тәсілдері мен бала психологиясын түсіну жолдары туралы кеңестер ұсынылды.

Шара соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, баламен жылы әрі сенімді диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап