Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында зорлық-зомбылық, буллинг және жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілеріне арналған «Қолдау және белсенді тыңдау» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара педагогтердің оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, психологиялық қолдау көрсету және белсенді тыңдау дағдыларын дамыту,сонымен қатар, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталды.

Қатысушылар тренингтік ойындарға, топтық талқылаулар мен жағдаяттық тапсырмаларға белсене қатысты. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға эмоционалды және психологиялық тұрғыда қауіпсіз орта қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылады.

Семинар соңында қатысушылар белсенді тыңдаудың адам арасындағы өзара сенімділікті арттырудағы маңызын атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап