ӨМІРІҢДІ БАҒАЛАЙ БІЛ!
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сеитова №50 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен «Өміріңді бағалай біл!» тақырыбында түзету-дамыту сабағын өткізді.
Мақсат — оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, өз қадірін сезіне білуге, өмірдің әр сәтін бағалауға және өмірлік қиындықтарға төтеп беруге үйрету.
Іс-шара барысында түрлі тренингтер, пікірталас және жағымды ой қалыптастыратын жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірдің мәні туралы терең ой қозғады.
Сабақ соңында қатысушылар өмірдің әр күнін бағалаудың және өз-өзің мен айналаңдағы адамдарды қадірлеудің маңызын ұғынды.
Поделиться: