Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

БАЛА ТӘРБИЕСІ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде «Бала тәрбиесі — баршаға ортақ жауапкершілік» атты аудандық жалпы ата-аналар жиыны өтті. Іс-шараға мекеме басшылары, арнайы шақырылған қонақтар мен аудан мектептерінің ата-аналар қауымы қатысты.

Жиында «Алтын алқа» иегері Бибігүл Әбілдаева, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова бала тәрбиесі және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Кездесу барысында бала тәрбиесінің өзекті мәселелері, отбасы мен мектептің өзара байланысы, құқықтық және психологиялық мәдениетті арттыру жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, бала тәрбиесі туралы өз ой-пікірлерімен бөліскен қонақтарға Алғыс хаттар табысталды.

 Іс-шара соңында қатысушылар мектеп пен отбасының бірлескен еңбегі ғана өскелең ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеудің басты кепілі екенін атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап