Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

АДАЛ АЗАМАТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өнегелі өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Адал азамат — қоғам айнасы» ата-аналар мен білім алушыларға арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға адалдық, жауапкершілік, заңға бағыну, өз әрекетінің салдарын түсіну сияқты маңызды құндылықтар туралы ақпарат берілді. Мамандар жастарға құқық бұзушылық түрлері, оның алдын алу жолдары, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі мәдениет және азаматтық жауапкершілік жайлы нақты деректер мен мысалдар ұсынды.

Шарада «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова ата-аналар мен студенттердің психологиялық жағдайы, эмоцияларға мән беру, ата-аналармен ашық диалог алаңын құру туралы ой бөлісіп, ашу-ыза  кезінде тыныс алуды реттеуге арналған психологиялық жаттығулар өткізді.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңында пікір алмасты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап