Жаңалықтар

image description
image description
icon

Бүгін «Өркен» институты мен ЮНИСЕФ мамандары Қазақстанның білім беру жүйесінде психологиялық денсаулықты қолдау тәсілдерін жаңарту жұмыстары бойынша кездесу өткізді.

Бүгін «Өркен» институты мен ЮНИСЕФ мамандары Қазақстанның білім беру жүйесінде психологиялық денсаулықты қолдау тәсілдерін жаңарту жұмыстары бойынша кездесу өткізді.

Кездесуде психологтерге арналған заманауи әрі мәдени тұрғыдан бейімделген әдістемелер жинағын әзірлеу, скрининг пен тереңдетілген диагностикаға кезең-кезеңімен көшу, сондай-ақ қолданылатын құралдардың лицензиялануы мен жарамдылық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар поственция хаттамасын жасау және мамандарды оқыту бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама тренерлер мен супервизорларды дайындауды қамтиды. Мектеп психологтерін даярлауда клиникалық mhGAP тілін енгізу және оны пилоттық түрде сынақтан өткізу жолдары қарастырылды.

Мектептер мен психологиялық-педагогикалық орталықтарына (ПҚО), сондай-ақ медициналық қызметтер арасындағы жергілікті үйлестіру жүйелерін дамытуға басты басымдық берілді.  Сарапшылар оқытуда (СЭО) дәлелденген тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте «Майя» комиксінің материалдары пайдаланылып, EASE интервенциясын тренерлерді оқыту моделі (ToT) арқылы кеңейту мәселесі талқыланды.

Бұл кездесу еліміздегі балалар мен отбасыларды қолдаудың заманауи, тұрақты және ғылыми негізделген жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап