Жаңалықтар

image description
icon

50 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ФЛЕШМОБ АРҚЫЛЫ ВЕЙПКЕ ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ

Еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Еркін дем ал!» республикалық флешмобы өтті. Оған жалпы әуенге билеген 50 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысты. Оқушылар би қимылдарын өздері ойлап тапты.

Акцияға сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша, мектеп оқушылары жұртшылықтың назарын салауатты өмір салтының маңыздылығына, зиянды әдеттерден, соның ішінде вейпингтен бас тарту қажеттілігіне аударып, өскелең ұрпақтың белсенді, жасампаз және бақытты өмірі үшін ұйымдастырылған қозғалысқа өз үлестерін қосты.

«Еркін дем ал!» республикалық флешмобы – #мыпротив курения, #дышисвободно»,

#бізтемекішегугеқарсымыз, #еркіндемал хештегімен өткен «Вейпсіз әлем!» челленджінің қорытынды іс-шарасы.

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі 2023-2025 жылдар кезеңінде оқушылар мен жастар арасында электронды темекі мен вейптерді қолданудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Жол картасын іске асырып жатқанын ерекше атап өтеміз.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап