Жаңалықтар

image description
image description
icon

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМҒА ҚАТЫСУДА

2025 жылғы 19–21 қараша күндері Балқаш қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалының базасында «Тәрбие құндылықтарын қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтуде.

 Семинар-практикум «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізуге әдістемелік қолдау көрсетуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Пленарлық бөлімде Балалар әлеуметтік қорғау зертханасының жетекшісі Е.С.Шайланов «Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі: бала, ата-ана және мұғалім серіктестігі» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Секциялық жұмыста Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту зертханасының ғылыми қызметкері А. С. Абдел «Ата-аналар чатындағы деструктивті коммуникация» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-практикум республика өңірлерінен келген педагогтер үшін кәсіби тәжірибе алмасудың белсенді алаңына айналды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап