Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ПҚО басшылары мен «Өркен» институты, Юнисеф мамандары психодиагностикалық құралдар жиынтығын жаңарту

психологиялық денсаулықты қолдау тәсілдерін жетілдіру және білім беру мен денсаулық сақтау арасындағы бағыттау желілерін құруға арналған стратегиялық сессия өткізді.

Кездесуде психологтерге арналған заманауи әрі мәдени тұрғыдан бейімделген әдістемелер жиынтығын әзірлеу, скрининг пен тереңдетілген диагностикаға кезең-кезеңімен көшу, сондай-ақ құралдардың лицензиялануы мен жарамдылық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар поственция протоколын әзірлеу және мамандарды оқыту бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама тренерлер мен супервизорларды даярлауды қамтиды. Мектеп психологтарын дайындауда mhGAP клиникалық тілін енгізу және оны пилоттық түрде сынау механизмдері қарастырылды.

Жергілікті мектептер, ПҚО және медициналық қызметтер арасындағы бағыттау желілерін дамытуға ерекше назар аударылды. Сарапшылар СЭО-ға дәлелденген тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оған «Майя» комиксіндегі материалдар да кіреді. Сондай-ақ EASE интервенциясын ToT моделі арқылы кеңейту мәселесі талқыланды.

Бұл кездесу еліміздегі балалар мен отбасыларды қолдаудың заманауи, тұрақты және дәлелденген жүйені құру жолындағы маңызды қадам болды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап