Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

Бала, отбасы және ізгілік жолында: Рудный қаласындағы семинар-практикум

Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының барлық аудан-қалаларының білім бөлімдерімен бірлесіп, «Педагогтер мен ата-аналарды психологиялық қолдау: бала игілігі үшін серіктестік» тақырыбында оқыту семинар-практикумдарын өткізуді жалғастыруда.

Ата-аналар мен педагогтердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды семинар Рудный қаласында жалғасын тапты. Оған педагогтер, ата-аналар, әлеуметтік қызметкерлер, психологтер және сынып жетекшілер қатарынан 102 адам қатысты. Оның ішінде – «ерекше назар тобындағы» балаларды ата-аналарын қоса алғанда, 52 ата-ана бар. Бұл семинардың өзектілігі мен қажеттілігін айқындай түседі.

– Біздің мақсат – мектеп пен отбасының бір команда ретінде әрекет етуіне қол жеткізу. Ересектердің психологиялық сауаттылығын арттыру және сенімді орта қалыптастыру – жасөспірімдік қиындықтардың алдын алудың негізі. Тек мектеп, ата-ана және бала бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана бала үшін шынайы қамқорлық пен сенімді тірек болатын орта құрылады, – дейді Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Елена Петренко.

Алдымен қатысушылар бала эмоцияларын дұрыс түсіну және онымен сенімді қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады. Кейін практикалық кезең басталып, тиімді өзара әрекеттесу тәсілдері, сенімді диалог жүргізу дағдылары және өмірден алынған нақты жағдайларды талдау жұмыстары жүргізілді. Интерактивті тренингтер, рөлдік ойындар және шеберлік сыныптары балалар, ата-аналар мен педагогтер арасындағы үйлесімді байланысты нығайтуға бағытталды. Тәжірибе алмасу, күрделі жағдайларды талқылау және жаңа идеяларды іздеу қатысушыларға күнделікті жұмысында қолдануға болатын құнды құралдар берді.

Қараша айының 10-ы мен 28-і аралығында мұндай семинарлар облыстың барлық аудан-қалаларын қамтып, әр бала үшін қауіпсіз және қолдаушы орта қалыптастыру жолында ата-аналар мен педагогтерді біріктіре бермек.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап