Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ, БУЛЛИНГТІҢ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

Бұл дәстүрлі іс-шараны Қостанай облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы өңірлік орталығы (РУМЦППиВР) ұйымдастырды. Жиналыс 14 қараша күні өтті. Сол күні өңірдегі барлық мектеп пен колледжде аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы талқыланды. Тек ата-аналар қауымдастығының өзі 50 мыңнан астам адамды қамтыды!
– Мұндай жиналыстарды біз жыл сайын, жылына екі рет өткіземіз. Мақсатымыз – ата-аналардың жасөспірімдер суицидінің себептері мен белгілері туралы білімін кеңейту, буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша профилактикалық көмек көрсету, – деді Қостанай облысы Білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және тәрбие орталығының (ӨПҚОӘжТЖО) директоры, Елена Петренко. – Ата-аналармен кездесудің негізгі мазмұны – баламен қарым-қатынасты ой елегінен өткізуге және бағалауға мүмкіндік беру. Бұл қарым-қатынастың негізінде – баланың тұлғасына құрметпен қарау және оның мәселелерін түсіну жатыр. Біздің орталық бұл маңызды іс-шараға толық әдістемелік қолдау көрсетеді.
Жиналыста балалардың суицидтік мінез-құлқының негізгі себептері мен белгілері қарастырылды, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. Педагогтер мен психологтер әрбір ата-ана баланың өміріне белсенді араласуы, оның эмоционалдық жағдайына назар аударуы, мәселелерді талқылауы, оларды шешуге үйретуі және оптимизмді қалыптастыруы қажет екенін атап өтті.

Практикалық бөлімде қатысушылар проблемалық жағдайларды талдап, ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы бейнероликтерді көріп, талқылады.
– Кездесу соңында ата-аналарға баланың болмысына құрметпен қарауды, оның мәселелерін түсінуді үйрену және қажет болған жағдайда көмекке жүгіну жөнінде ұсыныстар берілді. Мамандар әрқашан қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектеседі! – дейді Елена Петренко.
Бірыңғай жиналыс аясында отбасылық тәрбиенің аспектілері, суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 80 мыңнан астам жадынама таратылды және жеткізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап