Облыстық әріптестік интервизия: іс жүзіндегі интегративті тәсілдер
2025 жылғы 19 қарашада Абай облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының бастамасымен «Психологиялық практикадағы интегративті тәсілдер» атты облыстық әріптестік интервизия өтті.
Кездесу әртүрлі бағыттағы мамандарды біріктірді: мектептер мен колледждердің педагог-психологтері, психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының мамандары, Alikhan Bokeikhan University оқытушылары, жастар денсаулық орталықтарының психологтері, дағдарыс орталығы мен Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ тәжірибелі психологтер мен психиатрлар.
Іс-шараның ашылуында Психологиялық қолдау орталығының директоры Индира Тагиева қазіргі психологиялық практика мамандардан кәсіби ойлаудың жаңа деңгейін - интегративті тәсілді талап ететінін атап өтті. Бүгінде көптеген жағдайлар кешенді сипатқа ие: олар отбасылық контекстпен, мектептегі қиындықтармен, эмоционалды күйзелістермен және әлеуметтік тәуекелдермен байланысты.
Интервизияның негізгі бөлігі практикалық жұмыстан тұрды. Қатысушылар төрт ведомствоаралық топқа бөлінді. Әр топқа дағдарыс элементтері, отбасылық факторлар және клиенттің мінез-құлық ерекшеліктері енгізілген шынайы анонимді жағдай берілді.
Интервизия жұмысына әртүрлі кәсіби бағыттарды таныстырып, жағдайларды пәнаралық тұрғыдан талдауды күшейткен сарапшылар қатысты. Олардың қатарында:
Секрекова Жадыра - Alikhan Bokeikhan University-нің аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі;
Рахматоллаева Амина - Alikhan Bokeikhan University-нің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі;
Пискунова Анастасия - дәрігер-психиатр;
Сүлейменова Айсұлу - Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы;
Нұрғазинова Қарлығаш - «Отбасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығы» КММ педагог-психологы;
Балагазинова Айгерім - «Жас Асыл» жастар денсаулық орталығының психологы, №2 емхана;
Билялова Ардақ - «Салауат ЖДБ» жастар денсаулық орталығының психологы;
Шелипова Светлана - арт-терапевт;
Коровников Александр - дәрігер-психотерапевт.
Сарапшылар мамандарға жағдайларды терең әрі жан-жақты қарастыруға көмектесті: негізгі мәселелерді айқындау, жұмыс болжамдарын құру, қауіп-қатерлерді талдау, әдістердің ең тиімді үйлесімдерін таңдау және қажет болған жағдайда басқа қызметтерді қосу арқылы клиентпен жұмыс жасау бағытын құру.
Мұндай формат интегративті тәсілдің күшін іс жүзінде көруге мүмкіндік берді-әртүрлі кәсіби көзқарастар мен әдістер бірін-бірі толықтырып, сүйемелдеу стратегиясын неғұрлым дәл қалыптастырады.
Кездесудің екінші бөлігінде қатысушылар алғашқы кездесуден бастап одан әрі жұмыс тактикасын таңдауға дейінгі кеңестік жағдайды кезең-кезеңімен талдауға кірісті. Әсіресе тәсілдерді ретсіз араластырмай, клиенттің мақсаттарына, қауіпсіздігіне және жағдайына сүйене отырып, оларды саналы түрде қолдану мәселесіне назар аударылды.
Интервизия клиникалық мамандардың, кеңесшілердің, педагог-психологтардың, арт-терапевттердің және әлеуметтік қызметкерлердің білімін біріктіру күрделі жағдайларға неғұрлым тұтас көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Қатысушылар мұндай формат кәсіби құрал-жабдықты кеңейтуге, үйреншікті міндеттерге жаңа көзқараспен қарауға және ведомствааралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.