Жаңалықтар

image description
icon

АТА-АНАЛАР БАТА БЕРУДЕН ЖАРЫСТЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы», «Даналық мектебі» аясында «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбында салт-дәстүрлерді дәріптеу сайысы өтті.

Сайысқа ата-аналар, педагогтер және оқушылар қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар бата беріп, ырым-тыйым сөздердің мағынасын түсіндіріп, ұлттық қолөнердің қыр-сырын ашуға тырысты.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Қазақстан», СТВ телеарналарынан көрсетілді.

Гимназия директоры Сарбағысов Асқар Темірханұлының пікірінше, қазақ халқының тарихына, дәстүріне айырықша құрметпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға болады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап