Кентау қаласындағы М.Қашқари ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының қызметі аясында бірқатар сабақтар топтамасы өтті.
Кентау қаласындағы М.Қашқари ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының қызметі аясында бірқатар сабақтар топтамасы өтті. Сабақты М.Мирзарайымова, Д.Атаметова, У.Омаров, Д.Хашимова, Г.Хамзаева және Б.Мәмметов жүргізді.
Сабақтардың мақсаты - отбасылық байланыстарды, бала мен ата-ана қарым-қатынасын нығайту, сенімді байланыс орнатуға көмектесу, достық қарым-қатынас және т.б.
Сабақтар барысында өзара әрекеттестіктің әртүрлі әдістері қолданылды, соның ішінде ата-аналарда балаларын түсіну, олардың жеке шекаралары мен мүдделерін құрметтеу, негізгі жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру және т.б. дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер.
Өткізілген сабақтар ата-аналардың психо-эмоционалдық жағдайын жақсартуға, олардың өзіне деген сенімі мен күш-қуатын арттыруға, көптеген отбасыларда қалыптасқан тәрбиелік стереотиптерді қайта қарауға ықпал етті.