Жаңалықтар

image description
icon

«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: ШАЛҚАР АУДАНЫ

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы №1 мектеп-гимназиясында «Ашық диалогтік алаң: Сенім көпірі» жобасы аясында «Ата-ананың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара ата-аналардың құқықтық және психологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ отбасында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға нақты қолдау көрсетуге бағытталды.

І бөлімде мамандар ата-аналардың құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлін түсіндіруге бағытталған мазмұнды ақпарат беріп, жеке дамуға қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналардың сұрақтары мен өзекті мәселелері бойынша жеке қоғамдық қабылдау жүргізілді.

ІІ бөлімде психолог мамандар ата-аналарға арналған тәжірибелік жаттығулар мен тренингтер өткізіп, эмоцияны басқару, ішкі ресурстарды тану және бала тәрбиесінде сенімділікті арттыру бағытында жұмыстар жүргізді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап