Жаңалықтар

image description
icon

ОҚУШЫЛАРҒА ЖОБАНЫ ТАНЫСТЫРДЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «EQ-LAB» оқушыларға арналған студия жетекшісі Ботагөз Қосмағамбетова жобаны таныстыру мақсатында №2 мектеп-гимназиясында 8-9-сынып оқушыларына арналған «Менің қауіпсіз кеңістігім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Сонымен қатар, мектеп психологы Гүлнұр Дүйсенбай оқушыларға «Өзіңді қорғау — әлсіздік емес» тақырыбында пайдалы мәліметтер ұсынды.

Тренинг барысында оқушылар жеке шекараны сақтау, қауіпсіз аймақты анықтау, «Жоқ!» деп айту дағдыларын меңгеріп, эмоциялық және физикалық қауіпсіздікті ажыратуды үйренді.

Практикалық жаттығулар мен бейнематериалдар арқылы эмоцияны басқару, агрессияны конструктивті жолмен реттеу тәсілдері қарастырылды.

 Іс-шара аясында «Менің қауіпсіз орным», «Сезім банкасы», «Бұл — мен» жаттығулары өткізілді.

Тренинг оқушылардың өзін-өзі танып, эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап