Жаңалықтар

image description
icon

ӨМІР — ЕҢ ҮЛКЕН ҚҰНДЫЛЫҚ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сеитова №84 орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен «Өмір — ең үлкен құндылық» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг мақсаты — оқушылардың өмірге деген құндылық көзқарасын қалыптастырып, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өмірді бағалауға, қауіптің алдын алуға және позитивті ойлауға үйрету.

Өмір — адамға берілген ең қымбат сый. Тренинг 10-сынып оқушыларына өмірдің мәнін түсінуге, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге бағытталды.

Іс-шара барысында түрлі топтық жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап