Жаңалықтар

image description
icon

ТАНЫМДЫҚ ТРЕНИНГ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова №84 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына арналған «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында танымдық тренинг өткізді.

Мақсат — оқушыларға өмірдегі негізгі құндылықтардың (адамгершілік, сыйластық, жауапкершілік, адалдық, отбасы, достық, білім) маңызын түсіндіру, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, дұрыс таңдау жасай білуге және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Тренинг барысында «Сәттілік құмырасы» жаттығуы ұйымдастырылды. Қатысушылар отбасында өзіне қолдау білдіретін жақын адамдарын атап, болашақ мамандықтарын таңдап, оны өмірлік құндылықтармен байланыстыра білді.

Шара оқушылардың өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап