Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАРҒА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 200-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІ ҚАТЫСТЫ

«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ (МДМҒЗИ) Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысына жауапты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, шығармашылық жұмыс тобының мүшелеріне – директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтар мен мектеп психологтарына арналған өңірлік семинар өткізді.

‼️Семинарға облыстағы білім беру ұйымдарынан 200-ден астам маман қатысып, отбасы тәрбиесі, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

🌀Семинардың пленарлық отырысында Алматы облысы бойынша ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру туралы ақпаратпен Алматы облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сатаев Исатай Иманғалиұлы бөлісті.

🌀Семинар барысында мамандар отбасы тәрбиесі және отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі мәселелері бойынша тәжірибе алмасты, ал институттың ғылыми қызметкерлері ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру, істердің ағымдағы жай-күйі және одан әрі даму мүмкіндіктері, гүлденген отбасы мен ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналарды жоспарлау және орталықтың қызметін жетілдіру туралы баяндады.

✅ Семинар соңында қатысушыларға ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, өткізу және қиындықтарды жеңу бойынша ұсыныстар берілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап