«ДосболLIKE» бағдарламасын енгізу бойынша ШЕБЕР-СЫНЫП өтікізілді
2026 жылғы 29 қаңтарда Түркістан қаласында
«Білім беру ортасында буллингтің алдын алу: “ДосbolLIKE” бағдарламасын кешенді енгізу мүмкіндіктері»
тақырыбындағы шебер-сынып жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Шебер-сыныпқа Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарынан әлеуметтік педагогтер, әлеуметтік талдаушылар қатысты. Жалпы саны 250-ге жуық қатысушы буллингтің алдын алу, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында өзара тәжірибе алмасты.
Шебер-сыныпты ӨРКЕН институтының Балалық шақты әлеуметтік қорғау зертханасы Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Шебер-сынып барысында Балалық шақты әлеуметтік қорғау зертханасының жетекшісі Шайланов Е.С.:
«ДосbolLIKE» бағдарламасын білім беру ұйымдарында енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар;
әлеуметтік педагог қызметінің моделі;
буллингтің алдын алудағы тиімді жоспарлау және практикалық тәсілдер бойынша ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара кәсіби диалог алаңына айналып, қатысушылар нақты ұсыныстар мен практикалық құралдармен толықты.