Жаңалықтар

image description
icon

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

🔋2026 жылғы 29 қаңтар күні Түркістан қаласында әлеуметтік педагогтерге арналған
«Зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алудағы әлеуметтік педагогтің кәсіби рөлі мен мүмкіндіктері»
тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырылды.

🚀Іс-шара барысында Балалық шақты әлеумеьтік қорғау зертханасының жетекшісі Шайланов Е.С. білім беру ұйымдарындағы қауіп факторларын ерте анықтау,
алдын алу жұмыстарын жүйелі жоспарлау, сондай-ақ әлеуметтік педагог пен психологиялық қолдау қызметінің өзара іс-қимылына қатысты тәжірибесімен бөлісті.

🧠 Семинар бағдарламасы аясында:
— зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алудағы психологиялық қолдау орталықтарының қызметі;
— әлеуметтік педагогтің кәсіби функциялары мен практикалық мүмкіндіктері;
— тиімді әдістер мен заманауи технологиялар;
— алдын алу шараларын нәтижелі жоспарлау жолдары ұсынылды.

👥 Семинарға Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарынан 250-ге жуық әлеуметтік педагог пен маман қатысып, нақты тәжірибелермен және жұмыс құралдарына қатысты ақпаратты алды.

🏢 Іс-шара «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Балалық шақты әлеуметтік қорғау зертханасы және Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығымен ұйымдастырылды.

🔎 Семинар қатысушылар үшін тәжірибелік бағыттағы маңызды алаңға айналып, кәсіби көзқарасты кеңейтуге мүмкіндік берді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап