Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы шеңберіндегі вебинарлар бастау алды
Педагогтерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Институт «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасының тақырыптары бойынша вебинарлар ұйымдастырды.
Еліміздің әрбір өңірлерінен 60 астам педагогтер мен әдістемелік орталықтардың қызметкерлері вебинарлар жұмысына қатысады.
Бұл вебинарлар болашақта Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысатын педагогтер үшін ұйымдастырылған.
Вебинарларды өткізудің мақсаты – тәрбие мен оқытудың тұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық құралдарды пайдалану арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өзара іс-қимылы барысында күрделі және проблемалық жағдайларды шешудің тиімді тәсілдерін көрнекі түрде көрсету.
Вебинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады және пікірлерімен алмаса алады.