СТРЕССТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы «Инсайт» ресурс клубының жоспарына сәйкес, педагогтермен «Стрессті басқару және эмоционалды тұрақтылық» тақырыбында тренинг өтті.
Мақсат — педагогтердің эмоционалдық жағдайын түсініп, стрессті тану және оны экологиялық жолмен басқару дағдыларын қалыптастыру.
Орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Инсайт» ресурс клубының мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар орталық әдіскері Айдана Мырзаханова «Эмоцияны басқару» тақырыбында сергіту жаттығуы мен рефлексия жүргізді.
Орталық психологы Орынгүл Сатпаева педагогтармен мазмұнды психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Тренинг соңында педагогтер алған әсерлері және іс-тәжірибелерімен бөлісті.