Жаңалықтар

image description
icon

ЗЕРДЕЛЕУ: Х.ДОСПАНОВА АТЫНДАҒЫ №14 ОРТА МЕКТЕБІ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық- психологиялық қолдау қызметінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева мен әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева Х.Доспанова атындағы №14 орта мектебі мен №11 мектеп-гимназиясында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында мамандар психологиялық-әлеуметтік қызметтің ұйымдастырылу деңгейін, құжаттамалық жұмыстардың жүргізілуін және тәжірибелік бағыттарын талдап, нақты әдістемелік ұсынымдар берді.

Іс-шара білім беру ұйымдарындағы қолдау қызметінің тиімділігін арттыруға және мамандардың кәсіби әлеуетін нығайтуға бағытталды

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап