Жаңалықтар

image description
image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: №38 ОРТА МЕКТЕБІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «EQ-LAB» оқушыларға арналған жобасы аясында орталық әдіскері Таншолпан Жанаберген №38 орта мектебінің 7-8-сынып оқушыларына арналған «Эмоциялар лабораториясы» атты ойын форматындағы тренингтер сериясын өткізді.

Тренинг мақсаты — оқушылардың өз эмоциясын тануы, оларды басқаруды үйренуі, сондай-ақ өзара түсіністік пен эмпатияны қалыптастыру арқылы тұлғалық дамуына қолдау көрсету.

Сонымен қатар эмоциялық сауатты арттыру мақсатында «Эмоциялық жаттығулар», «Эмоция және сезім» тақырыптарында сергіту жаттығулары жүргізілді;

Топтық тапсырмалар орындалды;

Тәжірибелік жаттығулар ұсынылды.

Білім алушылар өз эмоциясымен бөлісіп, ішкі сезімдері мен әсерлерін жеткізді.

Оқушылардың эмоциялық тәжірибесін бейнелейтін шағын бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық-профилактикалық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап